Қостанай облысының тұрғыны көлік салығын төлемегені үшін екі тәулікке қамалды

17.06.2023, 19:31
545
Қостанай облысының тұрғыны көлік салығын төлемегені үшін екі тәулікке қамалды zakon.kz

Қостанай облысының тұрғыны көлік салығын төлемегені үшін екі тәулікке қамалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 маусымда көлік салығын төлемегені үшін Қостанай қалалық соты борышкерді 2 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер департаментінің, жеке сот орындаушыларының, полиция және прокуратура қызметкерлерінің бірлескен жұмысы шеңберінде 15 маусымда 207 мың теңге сомасында салық төлемегені үшін «LAND CRUISER 200» автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Мемлекеттік кірістер департаменті көлік құралдары бойынша салық берешегін уақтылы өтемеген жағдайда сот орындаушыларымен жұмыс шеңберінде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың мынадай шаралары қолданылатынын ескертеді:

- уәкілетті органдарда тіркеу іс-әрекеттерін шектеу;

- борышкердің елден тыс жерлерге шығуына тыйым салу;

- борышкерді қамауға алу;

- жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру;

- банктік шоттар мен өзге де мүлікке тыйым салу.

Жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа, берешек сомасының 25%-ына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады