Бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметі Астанадағы Керуен сауда орталығындағы Kaspi банк бөлімшесіндегі адамдарды кепілге алып, есікті ішінен құлыптап алғаны туралы ақпарат таратты.
Оқиға орнына арнайы жасақ әкелініп, снайперлер орталықтың төбесіне кеткен. Сондай-ақ полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізуде.
Бұл жағдайға қатысты Kaspi берген мәлімдемесі:
«Қазіргі уақытта филиалда тек банк қызметкерлері ғана бар, филиалда клиенттер жоқ. Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауыңызды және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуіңізді сұраймыз. Кез келген жалған ақпарат жағдайдың ушығуына әкелуі мүмкін»