627

Кепілдегі төрт адам босатылды - ІІМ

ІІМ Астанадағы Kaspi bank бөлімшесіндегі кепілге алынған адамдардың босатылғанын хабарлады.

Кепілдегі төрт адам босатылды - ІІМ
zakon.kz

Kaspi банктің кепілдегі 4 қызметкері босатылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордадағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам ұйым қызметкерлерін кепілге алды.

Банктің баспасөз қызметі ғимаратта клиенттердің жоқтығын және полиция қызметкерлерінің күдіктімен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.