Соғысты қолдайтын пропагандист әртістердің концерттеріне тыйым салуға бола ма?

19.06.2023, 10:51
674
Соғысты қолдайтын пропагандист әртістердің концерттеріне тыйым салуға бола ма? smartnews.kz

Белсенділер Ресейдің Украинаға қақтығысын қолдайтын жұлдыздардың елімізде өтетін концерттеріне қарсы шығып жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бірнеше күн бұрын желіде Қонаев қаласында өтетін Григорий Лепстің концертіне шақыру жарнамасы шыққан болатын. Бірақ бұл хабарландыру желі қолданушыларының арасында үлкен қарсылық тудырды. Оған себеп ресейлік әртістер Николай Басков пен Григорий Лепс 15 маусым күні украиналық танкілердің көзін жойған ресей әскерилеріне 1 млн рубльден береміз деген мәлімдеме жасаған. Бұл ойды әнші Юрий Антонов та қолдаған.

Осы мәлімдемеден соң, Григорий Лепстің 8 шілдеде Қонаев қаласында өтетін, құны 50 000 теңгеден бастап, 1 млн теңгеге дейін шарықтайтын билеттер сатылымға шыққан.

Әлеуметтік желідегі белсенділердің бірі Тұрар Құсайын әкімге өз өтінішін жазды:

"Григорий Лепс Владимир Путиннің сүйікті әншісі екенін бәріміз жақсы білеміз, әрі бұл әнші Украинадағы соғысты ашық қолдайды. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Украина-Ресей қақтығысында ресми түрде бейтарап позицияны ұстанады, бірақ әрбір ұлтшыл — қазақ азаматы бірауыздан Украинаның толық жеңісін тілейді. Сізден осы Z-әртістің концертін ҚР аумағында өткізбеуіңізді сұраймын. Біз Григорий Лепс сияқты ресейлік әншілерге еркін Украинаға қарсы тұрып, тіпті Қазақстанда ақша табуына жол бермейміз", - дейді белсенді.

Бұл жағдайға қатысты саясаттанушы Досым Сәтпаев болса, соғысты қолдайтын жұлдыздарды Қазақстанға шақырғандардың бәрін жауапқа тарту керек деген пікір білдірді.

"Зигтеп" жүретін, Путиннің Украинаға қарсы соғысын қолдайтын "жұлдыздардың" бәрін, Лепстер мен басқаларды Қазақстанға шақырғандарды Қылмыстық кодекстің бір бабына сүйреп әкелуге болады. 
Себебі олай келетіндердің бәрі соғысты насихаттаушылар. Олар 2022 жылдың 24 ақпанынан кейін әншілерден пропогандистерге айналып шыға келді. Дәл сол аузымен олар күні ертең Қазақстанның да егемендігі мен аумақтық тұтастығына шүбә келтіруі мүмкін", - дейді саясаттанушы.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды