618

Елорда іргесіндегі өрт бой берер емес

Елорда іргесінде өртеніп жатқан қураған ағашты сөндіру жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Елорда іргесіндегі өрт бой берер емес
myastanacity

«Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер шамамен 15 гектар аумақты алып жатқан өртті сөндіру үшін жұмыс істеп жатыр. Ұйытқи соққан қатты жел, батпақты жер, сонымен қатар барар жолдың жоқтығы өртті сөндіруді күрделендіріп отыр. Өртті сөндіруге Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 140 маманы мен 21 техникасы, әкімдіктің 8 су шашатын машинасы, «Астана орманы» мекемесінің 10 көлігі жұмылдырылған», - деп мәлім етті Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.