695

Германияның Федералды Президенті жұмыс сапарымен Астанаға келді

Қазақстан мен Германия Президенттері келіссөз жүргізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германияның Федералды Президенті жұмыс сапарымен Астанаға келді
akorda.kz

Бүгін Астанада Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді салтанатты түрде күтіп алды. Ортақ келіссөз жүргізіп жатқан қос мемлекет басшылар бас қосты. Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ ҚР Президентінің баспасөз қызметінің берген ақпаратына сәйкес, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өткен.