ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін жеңілдетілген автокөлік несиелерінен жиналған ақша қоғамдық көліктерді жаңартуға жұмсалады.
«Талдықорғанда, Оралда жергілікті атқарушы органдар автобустардың тозып кеткенін айтады. Қазақстанда 10 525 автобус болса, оның 45%-ға жуығының тозығы жеткен. Қостанайда 90%, Талдықорған мен Оралда 70% делік. Қолда бар қаражатты барынша тиімді пайдалануымыз керек», - дейді Қарабаев.
Бұдан бөлек, министр елімізде күн сайын шамамен 9 млн 300 мың адам қоғамдық көлікпен қатынайтынын айтты.