Германия Президенті ертең Ақтауға барады

20.06.2023, 19:39
651
Германия Президенті ертең Ақтауға барады akorda.kz

Германия Президенті ертең Ақтауға барады. Бұл ткралы Астанада өтіп жатқан бизнес-форумда айтылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Мемлекет басшысы жиында маңызды бағыттың бірі – адами капитал саласындағы ынтымақтастық екенін алға тартты.

«Білім беру, біліктілікті арттыру және білім трансферті маңызды сала саналады. Бұл бағыттарды меңгермей, бәсекеге қабілетті болу мүмкін емес. Осы ретте Штайнмайер мырзаның ертең Ақтау қаласына сапары кезінде Каспий мемлекеттік университеті жанынан Қазақ-неміс инжиниринг институтының ашылуын құптаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жанындағы Қазақ-неміс ғылым және технологиялар институты осы маңызды индустриялық өңірдегі адами капитал мен бәсекеге қабілеттілікті одан әрі жетілдіруге ықпал ететінін жеткізді.

«Бұл институттар озық логистика, жасыл сутегі және жаңартылатын технологиялар үшін аса қажет пайдалы қазбалар өндіру секілді негізгі салалар бойынша мамандар даярлайды. Түлектер Қазақстан мен Германия дипломын қатар алады. Бұл – екі ел серіктестігінің тағы бір маңызды кезеңі. Болашақ түлектерді жұмысқа алатын Германия кәсіпкерлері елімізде өзін еркін сезінеді деп үміттенеміз», - деді Президент.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды