Ақтөбеде қой жүнінен құрылыс материалы жасалады

20.06.2023, 20:57
1685
Ақтөбеде қой жүнінен құрылыс материалы жасалады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласында қой жүні өңделіп, одан жылу сақтайтын құрылыс материалы дайындалады. Бүгін зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақтөбеде «KazFeltec» ЖШС болашақ тоқыма емес материалдар шығаратын зауыттың іргетасына капсула салынды.

Шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «KazFeltec» ЖШС директоры Ерлан Жаңабергенов, компания қызметкерлері қатысты.

Айта кетейік, облыс әкімдігі, «KazFeltec» ЖШС және итальяндық Corm арасында консорциум құру туралы келісім былтырғы күзде жасалды.

photo

Зауыт шығаратын негізгі өнім - экологиялық таза әрі жылу сақтау материалдары.

Шикізат ретінде қылшықты қой жүні пайдаланылады. Әзірге шаруалар жүнді өртеп, кейбірі қоқысқа лақтырып жатыр.

Алдыңғы аптада жаңа өндіріске облыс бойынша шикізат сатып алу басталды. Бұл ауыл тұрғындары үшін қосымша табыс көзіне айналады.

«Бүгінгі күні мемлекет тарапынан халықтың табысын арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бұрын-соңды болмаған, ауқымды шаралар қабылдануда. Соның дәлелі - «Ауыл аманаты» жобасы. Аталған жобаның бір бағытының өзінде, 500-ге жуық адам 18 мың қой сатып алуға ниетті. Бүгінгі күннің өзінде облыста 1 млн. 400 мың бас қой тіркелген. Жыл сайын орта есеппен 2-2,5 мың тонна жүн өндіріледі. Бұл ретте жүнді сату мал шаруашылығындағы проблемалардың бірі. Бүгін бұл мәселе өз шешімін тапқан күн. Біз ауыл шаруашылығының барлық проблемалық мәселелерін кезең-кезеңімен шешуге тырысамыз», - деп атап өтті облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

photo

Өнімнің бірінші легі жыл соңында шығарылады. Жаңа кәсіпорын 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Сонымен қатар, облыс аудандарында шикізат қабылдау пункттерін ашу жоспарланған. Бұл жергілікті халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Жобаға тартылған инвестицияның жалпы көлемі - 5,2 млрд теңге.

Зауыт қуаты жылына - 2100 тонна. Жергілікті нарықтан бөлек, өнімдер Еуропаға экспортталады деп жоспарланған.

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты