Өскеменде Қазақстан-Германия ғылым және технология институты ашылады

21.06.2023, 09:38
585
Өскеменде Қазақстан-Германия ғылым және технология институты ашылады Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ баспасөз қызметі

Өскемен қаласында Қазақстан-Германия ғылым және технология институты ашылады , деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қатысуымен өткен Қазақстан-Неміс университеттері ректорларының форумы аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және Қазақстан-Германия университеті металлургия және тау-кен ісі саласында ғылым және технология институтын ашу туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

Келісім бойынша Металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы ғылым және технологиялар институты құрылып, инженерия саласындағы үздік неміс тәжірибесі елімізде қолға алынады. Жоба мақсаты – еліміздің Шығыс өңірін өркендету, әл-ауқатын және орнықты дамуын жүзеге асыру үшін зерттеулер, білім және инновация «білім үштігіне» негізделген платформа құру.

photo

 

«Ғылым және жоғары білім саласындағы саясат білім мен ғылымды интернационалдандыруды кеңейтуге, тұрақты және тиімді байланыстарды қалыптастыруға бағытталған. Ынтымақтастық негізі үш түрлі бағытта жүргізіледі. Біріншісі, білім беру. Бұл металлургия, машина жасау, геология және тау-кен ісі, пайдалы қазбаларды байыту, тұрақты даму бағыттары бойынша екі дипломды және бірлескен кадрлар даярлау. Екінші бағыт - металлургия және материалтану, геодезия, геология және тау-кен ісі, тұрақты даму саласындағы бірлескен зерттеулер. Үшінші бағыт – инновациялар, ғылым мен өндірістің инновациялық кластерін, бірлескен ғылыми және стартап жобаларды іске қосу», - деді Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма төрағасы-ректор Сәуле Рахметуллина.

Металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы институттың құрылуы ел ғылымын және технологияларын дамытудағы, сондай-ақ екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болып отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды