ҰБТ-дағы биылғы заңсыздықтар:қаламсап ішіндегі шпаргалка, киім астарына жасырылған смартфон

21.06.2023, 13:03
1146
ҰБТ-дағы биылғы заңсыздықтар:қаламсап ішіндегі шпаргалка, киім астарына жасырылған смартфон testcenterkz

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ тапсырушыларға үндеу тастады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Статистика бойынша жыл сайын ҰБТ-дағы ереже бұзушылардың саны азайып келе жатыр. Мәселен, 2019 жылы тестілеуге кіргізу барысында 128 мың, 2020 жылы – 2 522, 2021 жылы – 756, 2022 жылы – 327 тыйым салынған зат анықталды. Яғни, көрсеткіш 400 есе азайған. Бұл талапкерлердің бүгінде өз білімдеріне сеніп, академиялық адалдық ережелерімен жақсы таныс екенін көрсетеді», - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, ол «шпаргалка» пайдаланушылар саны азайғанымен, мүлдем жойылып кетпегенін айтады.

«Биылғы ҰБТ-ның 5 аптасы бойынша анықталған ең креативті «тәсілдерді» осы жазбада ұсынып отырмын. Талапкерлердің, өкінішіне қарай, біздің қырағы бақылаушыларды алдауы мүмкін болмады. Балалардың ерекше шығармашылық жұмыстары бірден анықталды. Тестілеу ережелерін бұзу туралы бізге келіп түскен әрбір өтініш қарастырылады. Естеріңізде болса, былтыр постмониторинг қорытындысы бойынша 200-ден астам адамның тест нәтижесін жойдық. Оның ішінде 137-і грант иегері болған. Биыл да бұл жұмыс өз жалғасын табады.

Биылғы ҰБТ-ның аяқталуына 2 апта қалды. Талапкерлерді академиялық адалдық принциптерін сақтауға шақырамын. Жетістікке жетудің басты шарты білімді болу екенін ұмытпаңыздар», - деді Руслан Емелбаев.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды