Штайнмайер Ақтауда «уақыт капсуласын» салу рәсіміне қатысты

21.06.2023, 15:27
660
Штайнмайер Ақтауда «уақыт капсуласын» салу рәсіміне қатысты primeminister.kz

Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловпен бірге Ақтаудағы Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институты ғимаратының құрылысы барысында "уақыт капсуласын" салуға қатысты, деп хабарлайды smartnews.kz Үкімет сайтына сілтеме жасап.

Ақтау қаласындағы жаңа институт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикада шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында құрылған. Сондай-ақ институт Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасында жүзеге асады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, жаңа оқу ордасының алғашқы студенттерін оқыту осы жылдың қыркүйек айында басталады. 2029 жылы "уақыт капсуласын" ашу мәртебесі алғашқы түлектердің еншісіне бұйырады. "Уақыт капсуласында" Әлихан Смайылов пен Франк-Вальтер Штайнмайердің жаңа университеттің алғашқы түлектеріне арнап жазған үндеу хаты бар.

Институттың кешенді оқу бағдарламасы Ш. Есенов атындағы университетте үш жыл және Германиядағы серіктес университетте бір жарым жыл оқу мерзімін қамтиды. Осыған байланысты жаңа ЖОО-да неміс тілін үйренуге көп көңіл бөлінетін болады. Сондай-ақ білім беру бағдарламасы болашақта 8 бакалавриат және 6 магистратура бағдарламаларына дейін кеңейтіледі деп жоспарланып отыр. 

Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер аталған шарада жоғары білікті инженерлерді даярлау қазақстандық және неміс компаниялары үшін де тиімді екенін атап өтіп, былай деп мәлімдеме жасады:

- Бүгінде екі елде де білікті мамандарға сұраныс жоғары. Мен осы институт пен оның түлектерінің болашағы жарқын болатынына сенімдімін. Бұл – білім саласындағы өте маңызды жоба. Екі ел арасындағы осы саладағы және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық одан әрі дами бермек. Осы жылдың қыркүйек айында оқудың сәтті басталуына тілектеспін, — дейді Франк-Вальтер Штайнмайер.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды