«Қисық сырғаға қызыққан». Қызылордалық зергер бабалар жолын жалғап жүр

22.06.2023, 10:17
1522
«Қисық сырғаға қызыққан». Қызылордалық зергер бабалар жолын жалғап жүр

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында тұратын Еркебұлан Медет жас та болса, бабалар жолымен зергерлік өнерді жалғап жүр.

Оның «Сунақ ата» тауарлық белгісімен шығарған күміс әшекейлері көздің жауын алады.

Кейіпкеріміздің арғы аталары осал болмаған. Ат әбзелдерін, ер-тоқымын күмістен жасаған көрінеді. Бірақ қанмен келген қасиет тәжірибемен ғана дамиды.

«2015 жылы Алматыда таныс жігіттің шеберханасында жұмыс істеп жүріп үйрендім. Оқу аяқталып, ауылға оралғасын жеке кәсіп ашуды ұйғардым», - деді Еркебұлан Медет.

Қолөнер шебері алғашқы туындысын күліп еске алды.

«Алғашқысы әрі ең сәтсізі сол еді. Қисық боп шықты. Қызығы сол, дүкен сөресіне қойған бойда өтіп кетіпті. Сатушы клиенттен оны неге ұнатқанын сұраған ғой. Сөйтсе, «көшірме емес екені көрініп тұр» депті. Осыдан оқиға қолөнерге қызығушылығымды арттыра түсті», - деді кейіпкеріміз.

Зергер жігіт керек металды Алматыдан алдырып жүр. Көп ұзамай алтынды да қолдануға ниетті.

 

Назерке Саниязова

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады