555

Қытайда мейрамханада болған жарылыстан 31 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономиялық ауданының Иньчуань қаласында орналасқан барбекю мейрамханасында жарылыс болып, 31 адам қаза тапты. Бұл туралы smartnews.kz сайты Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайда мейрамханада болған жарылыстан 31 адам қаза тапты
CGTN Global Watch News

Жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 20:40-та, Иньчуань қаласындағы Синцин ауданында орналасқан мейрамханада болды. Оған сұйытылған мұнай газының ағуы себеп болғаны хабарланады.

Нинся-хуэй автономиялық ауданының ҚКП комитетінің мәліметінше, жарылыстан 38 адам зардап шеккен, оның 31-і көз жұмды. Қалған 7 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр, олардың біреуінің жағдайы ауыр.