535

Алматыда күдікті полиция көлігінде өз-өзіне қол жұмсаған

Белгісіз ер адам жедел-тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматыда күдікті полиция көлігінде өз-өзіне қол жұмсаған
smartnews.kz

1980 жылы дүниеге келген И. есімді азамат танысының Toyota маркалы көлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Көлік ұрлағаны үшін ұсталған марқұм жайлы ақпаратты Алматы қаласының ПД растады.

- Сараптама қорытындысы бойынша қайтыс болған азамат мас болған. Жағдайдың жай-жапсары анықталып жатыр, - дейді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.