729

Атырауда Дина базарынан өрт шықты

Атырау қаласындағы ірі сауда базарынан өрт шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырауда Дина базарынан өрт шықты
smartnews.kz

Өрт бүгін сағат шамамен 13:25 басталды. Өрт сөндірушілерге базар сатушылары кедергі келтіргенге ұқсайды. Себебі өрт сөндіру кезінде саудагерлер тауар шығынын азайту үшін тілсіз жаумен алысып, заттарын далаға шығаруға тырысқан.

Зардап шеккендер жоқ.