Маск пен Цукерберг октагонда жекпе-жекке шығатын болып келісті

22.06.2023, 19:19
572
Маск пен Цукерберг октагонда жекпе-жекке шығатын болып келісті GETTY IMAGES

Әлемдегі ең танымал технологиялық миллиардерлер – Илон Маск пен Марк Цукерберг аралас жекпе-жекке арналған дәстүрлі торда айқасуға келісті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

Маск туиттерде Цукербергпен «торда айқасуға дайын» екенін жазды.

Оған Meta басшысы Цукерберг жауап ретінде Маск туитінің скриншотын жариялап, «қайда кездесетінімізді айтыңыз» деді.

Meta компаниясының өкілі BBC-ге «бұл жағдай түсіндіруді қажет етпейтінін» айтnы.

Цукербергтің сұрағына Маск жауап жіберді: «Вегастағы Октагон (сегізбұрыш)».

Октагон - Ultimate Fighting Championship ұйымы ұйымдастырған жекпе-жек өтетін арнайы қоршалған арена. Ол Невада штатының Лас-Вегас қаласында орналасқан.

Осы айдың соңында 52 жасқа толатын Илон Маск туиттерде «Ешқашан жаттығу жасамаймын, тек кейде балаларымды көтеріп аспанға лақтырамын» деп жазды.

Ал 39 жастағы Цукерберг көп жылдан бері аралас жекпе-жекпен айналысады және джиу-джитсу турнирлерінде жеңімпаз атанған.

BBC Twitter компаниясына да хабарласып көрді. Бірақ компания өкілдері түсініктеме де, пікір де білдірмеді.

Маск пен Цукерберг арасындағы хат алмасу дереу көпшілік арасында тарап кетті. Желі қолданушылары бұл айқаста кім жеңіске жетуі мүмкін екенін талқылап жатыр.

Meta маусымда туиттерге бәсекелес болатын жазба әлеуметтік желісін құру туралы жоспарын бөліскен болатын.

Meta өкілі BBC-ге платформа дайындалып жатқанын растады.

Ол Масктың туиттеріне BlueSky мен Mastodon-нан да мықты бәсекелес болуы мүмкін.

 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды