Алимент төлемеген 7 мың борышкердің шетелге шығуына тыйым салынды

23.06.2023, 17:28
540
Алимент төлемеген 7 мың борышкердің шетелге шығуына тыйым салынды smartnews.kz

Алимент өндіру мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан 16 345 іс проблемалы болып отыр. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Талдау көрсеткендей, алимент төлемеудің негізгі себептері – борышкерлердің ресми жұмыс орнының, кірістері және өндіріп алуға болатын мүліктердің болмауы.

«2023 жылдың 5 айында алимент төлемдері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 1 094 борышкер әкімшілік жауапқа тартылған. Ішкі істер органдарына Қылмыстық кодекстің 139-бабы шеңберінде 410 ұсыным жолданды, оның 76-сы сотқа жолданды, 196 ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылды, 21 істі ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы шешім қабылданды», - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, 7 мыңға жуық борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қойылған.

«Кей жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады. Осыған байланысты, өңірлік әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесіп, борышкерлерді тұрақты жұмысқа тұрғызу жәрмеңкелер өткізеді. Мысалы, 2022 жылдың 5 айында республика бойынша 1 400 борышкер жұмысқа орналастырылған», - деді Азамат Есқараев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды