Алматыда бейтаныс адамның соққысынан кейін қозғала алмай қалған қыздың жағдайы белгілі болды
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адам ұрғаннан кейін қозғала алмай қалған қыздың жағдайын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, науқас қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлер толық тексергенен кейін ол ауруханаға жатқызылды. Есін біледі.
«Оған жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауыр. Науқас нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Ол бүкіл қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр», - деп түсіндірді ведомстводан.