3013

Көкшетауда жоғалып кеткен полиция офицерінің мәйіті табылды

Ақмола облысында жоғалған полиция қызметкерінің денесі Көкшетаудан табылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда жоғалып кеткен полиция офицерінің мәйіті табылды
sinegor.kz

Ведомствоның мәліметінше, жоғалған адамның денесі бүгін сағат 9:15-те Қылшақты өзені аумағында жүргізілген іздестіру шаралары барысында тереңдігі 2 метр болатын қазаншұңқырдан табылды.

«Ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Сараптама тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы өзінің әріптесі, полиция подполковнигі Тұрар Тұрарұлы Дүйсембиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген хабарламада.