Қарағандылық әйел ауруханада көз жұмған күйеуінің өліміне қатысты іс қозғауды сұрады

26.06.2023, 23:46
577
Қарағандылық әйел ауруханада көз жұмған күйеуінің өліміне қатысты іс қозғауды сұрады smartnews.kz

Әлеуметтік желіде Қарағанды қаласының тұрғыны Гүлден Молдабекованың ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолдаған үндеуіне қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Гүлден Молдабекова 21 маусымда Х.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада уақтылы медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлердің кінәсінен жұбайы қайтыс болғанын айтады.

"21 маусымда сағат 02:33-те жедел жәрдем шақырдым. Күйеуімнің аяқ-қолы ұйып, жүрегі қатты соғып кетті. Ауруханаға келгеннен кейін оны дәрігерлер ұзақ қарады. Диагноз қоя алмады. Мені сағат 04:50-де үйге жіберді. Таңғы сағат 08-00-де күйеуімнен аудиохабарлама алдым: "Гүлден, маған ешкім қарап жатқан жоқ, жағдайым өте нашар, осы уақытқа дейін маған ешкім (дәрігер) келмеді", - деді. Содан ауруханаға қайта жүгірдім. Сағат 08.50-де келгенде ол тілге келмей жатты, тек көздері ғана қозғалады. Мен шулатқан соң оны бірден жансақтау бөліміне алды! 2 сағаттан кейін жаман хабар келді", - Гүлден Молдабекова.

Ол аурухана дәрігерлерінің салғырттығы мен селсоқтығына шағымданып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен күйеуінің өлімін тексеруді сұрайды.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы аталған фактіге қатысты түсініктеме берді.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)