Орман мен дала өрттерін ерте анықтауға арналған Smart National Park Burabay жүйесі

27.06.2023, 16:40
626
Орман мен дала өрттерін ерте анықтауға арналған Smart National Park Burabay жүйесі

Орман, дала өрттері мен орман шаруашылығындағы түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алуға және оларды ертерек анықтауға арналған жүйе жайында smartnews.kz сайты хабарлайды.

2020-2021 жылдары Бурабай» МҰТП аумағында Қазақстан Республикасында баламасы жоқ бірегей Smart National Park Burabay жүйесі енгізілді. Түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алатын жүйедегі тіркелген деректерді құқық қорғау органдары мен төтенше жағдай қызметтері пайдалана алады.

Сондай-ақ аталған жоба аясында Жедел басқару орталығы құрылып, сигналдық шамдары бар, биіктігі кемінде 30 метрлік 13 антенна-мачталық құрылым орнатылған. Онымен қоса, дала өрттерін ерте анықтау үшін тепловизормен жабдықталған 14 камера, қауіпсіздікті бақылайтын 29 камера қойылған.

Ал барлық бағана құрылымдар сыртқы қуат көздеріне тәуелді емес. 33 бірлік жел генераторымен 156 бірлік күн панелімен, сондай-ақ резервтік қуат үшін 13 бірлік дизельдік генератормен жабдықталған.

2021 жылдан бастап Smart National Park Burabay жүйесі іске қосылып, толыққан жұмыс басталғалы бері аймақта өрт шалу оқиғалары 4 есе қысқарған.

Жобаны іске асырушылардың айтуынша, «ақылды» жүйенің ІІІ кезеңі аясында биыл «Бурабай» МҰТП-да 5 бақылау-өткізу пунктінде ақы төлеуді автоматтандыру, Ұлттық парк аумағында өртті тез арада анықтау үшін қосымша 3 қондырғы орнату, қоршаған ортаны бақылау және талдау, көлдердегі браконьерлермен күресу үшін датчиктерді қою көзделіп отыр.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды