1679

Мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды

Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2023 - 2024 оқу жылына арналған білім гранттарын бөлу тізімі жарияланды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды
smartnews.kz

Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген: бакалавриатқа – 73 мыңға жуық; магистратураға – 13 мыңнан астам, докторантураға – 1800-ден астам.

Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы 4 бағыт бойынша білім алуға болады: педагогика ғылымдары, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауы лшаруашылығы. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылды. Сондай-ақ бұрын мамандар өзі оқыған аймақта ғана грантты жұмыспен өтейтін болса, енді 11 аймақта қызмет ете алады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді. Талапкерлер берілген ақпарат негізінде дұрыс таңдау жасайды деп сенемін», - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

2023-2024 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімімен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:

Бакалавриат 

Магистратура 

Докторантура