Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды

28.06.2023, 09:26
580
Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды smartnews.kz

Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды, – деп хабарлайды smartnews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың соңында Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласында 27 жастағы әйел мен 40 жастағы ер азаматты ұстады.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ерлі-зайыптылардың екеуі де есірткіге мас болған. Оларды жеке тінту, тұрғылықты жерін және есірткі қойған жерлерін тінту барысында жалпы салмағы 1,5 келіні құрайтын синтетикалық психотроптық заттар тәркіленді. Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2023 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ерлі-зайыптылар сату мақсатында аса ірі көлемде психотроптық заттарды сақтағаны мен тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тоғыз жасар баланы жұмбақ бомба жарып жіберді 87 жастағы маңғыстаулық әже Димашқа арнап тоқылған шашақты сыйға берді (ВИДЕО) Шымкенттік келіншек салмағы 7 келіге жақын алып сәбиді өмірге әкелді Қожа рөлін сомдаған актер ауыр дертке шалдығып, жарты жыл ғана өмірі қалған Моңғолиядағы 100 қандас пен Қазақстан ауылдарындағы 10 мың оқушы не үшін сайысып жатыр? «Дәретханасынан шошисың»: Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігіне үндеу жасады «Барлық дәлелдерді анама жібердім»: Say Mo бұрынғы күйеуінен көрген қорлығын айтып берді 97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойғаны үшін көмекке құтқарушылар келді Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып көз жұмды Актер Шәріп Серік әйелін ұрғаны үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған Алматыда жүргізуші ескерту жасағаны үшін тұрғын үй күзетшісін аяусыз ұрып тастады (ВИДЕО) Арқалықта зорлықшы деген күдікпен блогер ұсталды Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады «Жаңбыр, тұман»: 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Біз жарақатты бірден таңдық»: ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды Су бар, бірақ жүйе қайда? Астанада Аutism Talks жыл сайынғы кездесу өтті «Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті