Стокгольмде тағы да Құран өртеу акциясы өтті

29.06.2023, 11:32
952
Стокгольмде тағы да Құран өртеу акциясы өтті видеодан алынған кадр

Ирактан келген 37 жастағы босқын Стокгольм Бас мешітінің жанындағы шағын наразылық акциясында Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Босқынның Құранды өртеудегі негізгі мақсаты әлі түсініксіз, бірақ оның айтуынша, ол бұл ісімен Швецияға зиян тигізгісі келмейтін көрінеді.

Стокгольм полициясы апелляциялық соттың шешімінен кейін мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің басталуына сәйкес келетін акцияны өткізуге рұқсат берген. Әуелде полиция бұл іс қоғамдық араздықты тудыруы мүмкін деген қауіптен сескеніп, акцияны өткізуге рұқсат етпеген. Кейіннен ұйымдастырушылар сотқа жүгініп, екі аптадан соң акцияны өткізуге рұқсат алған.

Құрбай айт қарсаңында ұйымдастырылған акцияда Құранды өртеген 37 жастағы мұсылман Салван Момика есімді Ирак босқыны.

"Мен Стокгольмдегі Бас мешіттің алдында өз қарсылығымды көрсетіп, Құранға қатысты өз позициямды көрсеткім келеді. Мен кітапты жыртамын да, аяусыз өртеймін", - деген өтінішті мұсылман босқын полиция департаментіне жолдаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін қаңтар айында Дания азаматы, әсіреоңшыл саясаткер, "Stram Kurs" антиислам партиясының лидері Расмус Палудан Түркия елшілігінің алдында Құран кітабын өртеп жіберген болатын. Ол кезде Швеция полициясы лидерге акция өткізуге рұқсат еткенмен, кітапты өртеуге рұқсат етілмегенін мәлімдеген. Жағдай Швециядағы және әлемдегі барша мұсылман қауымның ашуын тудырған резонанс болды.

Аталған жағдайдан соң Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішіне қарсылық танытқан болатын. Құрбан айт мейрамындағы екінші акцияның салдары Швецияның НАТО-ға кіру өтінішін тағы да қанағаттандырмауы мүмкін.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды