Қажылыққа баруға ниеттілерді алдаған компанияның ісі не болмақ

29.06.2023, 13:38
710
Қажылыққа баруға ниеттілерді алдаған компанияның ісі не болмақ smartnews.kz

Қолдан жасалған қажылық визаларын пайдаланған  «Zam-Zam Qazaqstan» компаниясының ісі тоқтамай келеді. Бұл жөнінде smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бұған дейін «Zam-Zam Qazaqstan» (заңды атауы – Zam Zam store) компаниясының қажыларға қызмет көрсетуге қатысты тиісті лицензиясы, осы жылы ресми қажылық орындарын алған туроператорлар тізімінде жоқ екенін, сондықтан аталған фирманың қызметіне мүлде жүгінбеу туралы бірнеше рет мәлімдеме жаcаған. Сонымен қатар мүфтият қажылыққа баруға ниеттілерді алдап соққан «Zam-Zam Qazaqstan» компаниясының заңсыз әрекеттері туралы осыған дейін құқық қорғау органдарына шағым түсірген.

"Қолдан жасалған қажылық визаларын пайдаланған компания өкілдері шариғат пен заңға қайшы әрекеттерінен әлі күнге дейін тыйылмай келеді. Қазақстан азаматтарын заңсыз жолмен қажылыққа әкелген «Zam-Zam Qazaqstan» компаниясының жетекшісі Данияр Илиев заң алдында жауап беру тиіс деп санаймыз. Олар шариғат пен заңды белден басумен қатар «мүфтият қажылық квотасын сатады, пара алады» деп жала жабуын доғармай, енді ҚМДБ «жалған қажылық квоталарын» жасады деп шындыққа жанаспайтын ақпарат таратуда.

Діни басқармаға жәбір көрген қажылар мен оның туыстарынан жалған құжат жасап, азаматтарымызды заңсыз жолмен қажылыққа  апарған «Zam-Zam Qazaqstan» директоры мен басқа да жауапты өкілдерін неге құқықтық жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шара қолданбайды деген сұрақтар мен шығымдар толассыз келіп түсуде. Құқық қорғау органдары осы мәселеге тез арада назар аударып, заң бұзушыларды құқықтық жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қолданады деп сенеміз", - деп дабыл қақты ҚМДБ баспасөз қызметі.

Басқарма «ҚМДБ жалған қажылық визаларын дайындады» деп жала жапқан «Zam-Zam Qazaqstan» (Zam Zam store)  компаниясының директоры Данияр Илиевтің үстінен сотқа шағым түсіретінін хабарлаған болатын. Әзірге полиция бұл мәселе бойынша түсініктеме берген жоқ.

Сондай-ақ ҚМДБ қажылыққа ниетті жандарды қажылық конкурсынан өткен, яғни қажылық сапарын ұйымдастыруға қабілетті деп танылған, мүфтият жариялаған тізімге сай туроператорлар қызметіне жүгіну қажеттігін ескертеді.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген