745

Үйінде есірткі зертханасын жасаған ер адам ұсталды

"Қарасора" жедел алдын алу операциясының барысында Қарағанды қалалық полиция басқармасы үйінде есірткі өсірушіні анықтады. Бұл жөнінде толығырақ smartnews.kz сайты хабарлайды.

Үйінде есірткі зертханасын жасаған ер адам ұсталды
polisia.kz

Қарағандыда қала көшелерінің бірінен 52 жастағы азамат ұсталды. Ер адам өз үйінде есірткі өсіретінін мойындаған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ұсталған азаматтың мекен жайынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді баптайтын фитозертхананы анықтаған. Оқиға орнынан канабис тұқымы, 28 шыны ыдысқа отырғызылған өсімдік бұтасы, канабисті ұрықтандыратын заты бар 40 ампула мен ультракүлгін шамдар тәркіленген. Сараптама қорытындысы бойынша 28 шыны ыдыстағы өсімдіктердің қарасора екені анықталған.

Ведомство өкілінің сөзінше, аталған деректерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Әзірге тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.