Көлік терезесін сындырып, қоқан-лоққы көрсеткен жүргізуші ұсталды

29.06.2023, 17:36
542
Көлік терезесін сындырып, қоқан-лоққы көрсеткен жүргізуші ұсталды видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде жол бойында екі жүргізуші арасында туындаған жанжалға қатысты видеоға полиция түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жолды бөлісе алмаған көліктердің бірінің жүргізушісі, екінші көліктің алдыңғы шынысын теуіп сындырады, кейін оң жақтағы терезені жұдырығымен шағып, жүргізушіге қоқан-лоқы көрсетеді. Видеода әйелдің көлік ішінде бала отырғанын айтып, айғайлаған дауысы естіледі.

Полиция мәліметіне сәйкес, ер адам ұсталып, тергеу басталды.

«Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Алматы қаласының 1993 жылы туған К. есімді тұрғыны болып шықты», полиция ақпаратында.

28 маусым күні Жамбыл ауданының полиция бөліміне 1992 жылы туған О. есімді азамат «Алматы-Бішкек» автожолында сағат 19:20 шамасында жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол-көлік оқиғасын жасаған, сонымен қатар бұзақылық ниетпен көлігін бүлдірген белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдауды сұрап, арызбен жүгінді.

«Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша бірден аудандық полицияда тіркелді. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктінің автомашинасы Ұзынағаш ауылының арнайы айып тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғасы фактісімен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша К. есімді жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, бұзақылық фактісімен түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)