Семейде мас күйінде суицид жасамақ болған ер адамды құтқарды

29.06.2023, 19:13
805
Семейде мас күйінде суицид жасамақ болған ер адамды құтқарды ҚР ТЖМ

29 маусым күні сағат 13: 58-де «112» пультіне Семей қалалық полиция басқармасының кезекшісінен ер адамның автокөлік көпірінің аспалы құрылымында отырғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Құтқару бөлімшелері мен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің психологы дереу оқиға орнына шықты.

Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен соң, 1994 жылы туылған ер адам мас күйінде көпірдің аспалы құрылымдарына көтерілгенін анықтады. Ол төменге түсу туралы сөзге құлақ аспады.

«Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен аспалы көпірдің тірегіне көтеріліп, ер адамға жетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді. Осы уақытта психолог шұғыл көмек көрсетті.

Құтқару операциясы кезінде ер адам зардап шеккен жоқ. Психологпен сөйлескеннен кейін ол полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деп жазды ТЖМ-нан.

Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды