Дональд Трамп: соғысты тоқтату үшін Украина өз жерінің бір бөлігін беруі керек

30.06.2023, 09:24
1033
Дональд Трамп: соғысты тоқтату үшін Украина өз жерінің бір бөлігін беруі керек GettyImages.ru

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Reuters агенттігіне телефон арқылы берген сұхбатында соғысқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Трамп бейсенбіде Reuters агенттігіне берген сұқбатта, Путин сәтсіз көтеріліс нәтижесінде "біршама әлсіреді", сондықтан Америка Құрама Штаттарының Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер арқылы бейбіт келісім жасайтын уақыт келді деген мәлімдеме жасады.

"Мен бұл пайдасыз соғыста адам өлімі тоқтағанын қалаймын", - дейді Трамп.

Қазір республикалық партия бойынша президенттікке үміткерлер арасында АҚШ-тағы сауалнамаларда көш бастап тұрған Дональд Трамп соғысты тоқтату үшін Украина билігі  жерінің бір бөлігін Ресейге беруі керек екенін жоққа шығармады.

Трамп егер өзі президент болса, келіссөздермен соғысты қалай да болмасын тоқтататынын айтты. Украинаға өз жерін беру керек десе де, өз жерін жанқиярлықпен қорғайтын украиндықтар "зор құрметке лайық" екенін қоса айтты.

"Менің ойымша, олар (Украина - ред.) осыған дейін қайтарып алған жерлерді өздеріне қалдыруға хақы бар, Ресей де бұған келісер еді. Жақсы келіссөз жүргізетін адам керек, ал қазір ол жоқ", - дейді Трамп Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"АҚШ-тың дәл қазір істеуі керек ең маңызды қадамы - екі тарапты біріктіріп, Ресей мен Украинаны татуластыру. Енді екі тарапты татуластыру арқылы бейбітшілікке қол жеткізетін уақыт келді", - дейді президенттікке үміткер Трамп.

Еске сала кетсек, Украина билігінің соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөзде қойған шарты – Ресей әскері Украинаның халықаралық бекітілген жер аумағынан шығуы және оны мойындауы.

Ал Ресей тарапының келіссөздердегі шарты – басып алынған аумақтар Ресейдің бақылауында болуы керек және соған Украина билігі “көнуі” керек. Десе де, екі жақ әлі күнге дейін бітімге келе алмай отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды