Атырауда әкесін ұрып өлтірді деген күдікпен 38 жастағы жігіт қамауға алынды

30.06.2023, 14:28
705
Атырауда әкесін ұрып өлтірді деген күдікпен 38 жастағы жігіт қамауға алынды smartnews.kz

Атырау облысында 38 жастағы жігіт әкесін ұрып өлтірді. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға Индер ауданының Есбол ауылында болған.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Индер ауданында 21 маусым күні таңғы сағат 4:30 шамасында 1959 жылғы ер адам қайтыс болған. Зейнет жасындағы ер адамды 1985 жылғы ұлы соққыға жыққан. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,-деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктінің мұндай әрекетке бару себебі әзірге белгісіз. Оны тергеу амалдары анықтайды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда үш адамды қасақана өлтіріп, біреуін жаралаған жігіт өмір бойына сотталған еді.

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен, 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 1,6-тармақтарымен, 99-бабының 2-бөлігінің 1,6-тармақтарымен айып тағылған.

«Сот үкімімен сотталушы К. ҚК-тің 287-бабының 3-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі 1,6-тармақтары, 99-бабының 2-бөлігінің 1,6-тармақтарымен кінәлі деп танылды. Сотталушының жеке басын, жасалған қылмыстың сипаты мен дәрежесінің қоғамға қауіптілігін, оның қылмыс жасағанға дейінгі және кейінгі мінез-құлқын ескеріп, әділ жаза тағайындау және жаңа қылмыстардың алдын алу қағидаларын басшылыққа алып, түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Жәбірленушілердің пайдасына 44 млн теңгеден астам материалды және моральды залал өндірілді», -деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол