Жамбыл облысында 2,5 тонна есірткі заңсыз айналымнан шығарылды

30.06.2023, 18:37
503
Жамбыл облысында 2,5 тонна есірткі заңсыз айналымнан шығарылды smartnews.kz

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Жамбыл облысында есірткі бойынша 281 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде 172-сі – қылмыстық теріс қылық. Заңсыз айналымнан барлығы 2,5 тонна есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаевтың айтуынша, республикалық айлық барысында жамбылдық полицейлер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде спорттық, мәдени, қайырымдылық акциялары, семинарлар, кездесулер мен дәрістер өткізген. Соның бірі нашақорлыққа қарсы күрес айлығының аяқталуына байланысты 2 000-ға жуық адамның қатысуымен «Есірткісіз болашақ» акциясы Тараздағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта өтті.

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысқан акцияда Д.Дәулетов полицейлерге нашақорлықпен күреске қосып жүрген елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

«Нашақорлықтың алдын алу және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Айлық барысында полицейлер облыстық спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, білім басқармаларының өкілдерімен, еріктілермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 298 іс-шара өткізді. Осындай кездесулер аудандарда да өтті», – деді Д.Қойториев.

Акция барысында айлыққа белсенді қатысқаны үшін бірқатар қызметкер Алғыс хатпен марапатталып, өздерінің кәсіби дағдыларын көрсеткен қойылымдар қойды. Жасөспірімдерге баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырылып, полицейлер заңсыз айналымнан алынған есірткіні өртеп жіберді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама қойылып, балмұздақ таратылды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды