Халық әртісі жұбайының жырын Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Зәкеңнің 2005 жылы 8 тамыз күні Мерей екеуімізге жазғаны. Топырағың торқа болсын, Зәке! Біз сізді ешқашан ұмытқан емеспіз. Сол өзіңмен кірген шаңырақтамын. Бұл үйге 1994 жылдың 20-шы қарашасында кірген едік. 2024 жылы 30 жыл болады екен", - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Ал Заманбек Нұрқаділов жұбайы Мақпал Жүнісоваға жазған хатының соңында өз қолтаңбасын қалдырған.
"Байқамаппын салмағын,
Өмір зілін, жалғанын.
Махаббат бар деп өзіңмен,
От боп лаулап жанғанмын.
Жаным енді төзерсің,
Тағдыр басқа салғанын.
Жақсы басар жаманды,
Алла айтар талғамын.
Жаратқан ием қолдаса,
Күшейтер саған қорғанын.
Жау жеңіліп, сен жеңіп,
Үзерсің шынжыр торларын.
Әсем ән әлі құлпыртар,
Жарық айдың толғанын.
Елің көрер ертең-ақ Мерей сендей болғанын.
Сендерге қидым қайшымен
Ғұмырымның қалғанын.
Өнерді мәңгі алғасын,
Алла берсін жалғасын. Әумин!", - делінген Заманбек Нұрқаділов хатында.