823

Шекарадан есірткі өткізбек болған ер адам ұсталды

Қызметтік иттің көмегімен шекарадан есірткі затын өткізбек болған көліктің жолы бөгелді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Шекарадан есірткі өткізбек болған ер адам ұсталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлаған ақпаратқа сәйкес,  оқиға Жамбыл облысының «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде болған.

ҰҚК Шекара қызметі, шекаралық бақылау жүргізу барысында, қызметтік ит 1 келі «гашиш» есірткі затын жасырған көлікті таныған. Тыйым салынған затты шекарадан өткізбек болған күдікті Қазақстан азаматы.

Бұдан кейін, тексеріс жүргізу мақсатында ұсталған адам мен тәркіленген есірткі полиция органдарына тапсырылған.