Халықтың жан басына шаққандағы табысы 168 097 теңге деп белгіленді

01.07.2023, 09:51
1206
Халықтың жан басына шаққандағы табысы 168 097 теңге деп белгіленді smartnews.kz

2023 жылдың алғашқы тоқсанындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы есептелді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Биылғы жылдың I тоқсанында еліміздегі халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 168097 теңгені құраған. Былтырғы жылдың  I тоқсанымен салыстырғанда 18,1% өскен. Десе де, тұтыну баға индексімен салыстырсақ, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 1,6% төмендеген.

Өңірлер бойынша бір адамның ең көп табыс көлемі Атырау облысына тиесілі. Атырау облысында орташа есеппен жан басына шаққандағы атаулы табыс 359 662 мың теңге. Бұл табыс көрсеткіші орташа республикалық деңгейде басқа өңірлерден 2 есе көп ақша табады деген сөз.

Одан кейінгі орында Ұлытау облысы - 238 561 теңге, Алматы қаласы - 230 743, Астана қаласы - 226 196 теңге болса, ал Маңғыстау облысында 208 090 теңге. Қалған өңірлердегі табыс 200 мың теңгеге жетпейді. Мәселен елдегі ең төменгі табыс деңгейі Түркістан облысында анықталған. Түркістан облысындағы жан басына шаққандағы атаулы табыс 91 576 теңгені құрайды.

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды