Қазақстан бензинді Ресейден импорттауы мүмкін

01.07.2023, 15:02
671
Қазақстан бензинді Ресейден импорттауы мүмкін smartnews.kz

Қазақстанның ірі жанар-жағармай құю бекеттері Ресейден бензин импорттау мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

«Жазғы демалыс кезеңін және АИ-95-ке сұраныстың артуын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасындағы индикативтік жоспар шеңберінде ірі жанар-жағармай құю стансалары - «PetroRetail», «Sinooil», «Helios» және «Газпромнефть» АИ-95 автобензинін импорттау мәселелерін пысықтап жатыр», - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта елдегі жанар-жағармайдың (мұнай базаларында, МӨЗ жолдарында және резервуарларында) жиынтық қоры:

- автобензин АИ-92 – 357 мың тонна. Бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті;

- АИ-95 – 50 мың тонна (15 тәулік);

- дизель отыны – 518 мың тонна (28 тәулік).

«Бұдан басқа облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жанар-жағармай жөніндегі өңірлік комиссияларының Бәсекелестікті қорғау және дамыту және қаржы мониторингі агенттіктерінің, мемлекеттік кірістер және Табиғи монополияларды реттеу комитеттерінің өкілдерімен бірлесіп, мұнай базаларында ЖЖМ қорларын өткізу мен мониторингілеуде ЖЖМ шектеулеріне, ЖЖМ бағаларының негізсіз өсуі мен тасымалдануына жол бермеу жөніндегі қызметі жалғасуда», - делінген министрлік хабарламасында.

Осыған орай, шілде айына автобензиннің қажетті мөлшерін сақтау үшін өндірістік жоспарлар келесідей түзіліп отыр:

- Атырау МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 20-дан 45 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, АИ-92 – 100 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.- Шымкент МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 29 мың тоннаға төмендеді, АИ-92 – 140 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.

«Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді