Шұбаркөл көмір жұмыс кентінде спорт кешенінің қабырғасы опырылып түсті

01.07.2023, 17:32
557
Шұбаркөл көмір жұмыс кентінде спорт кешенінің қабырғасы опырылып түсті Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысының Нұра ауданында орналасқан «Шұбаркөл көмір» АҚ жұмысшылар кентінде спорт кешенінің қабырғасы құлады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға 25 маусымда болған. «Шұбаркөл көмір» АҚ вахталық кентінде мәдени-спорт кешенінің қабырғасы жартылай құлап түскен. Оқиғаға қызметкерлер куә болады. Бұл кезде ғимарат жөндеуден өткізіліп жатқандықтан, кешеннің ішінде ешкім болмаған.

«Кәсіпорын қызметкерлері де, ғимаратты қайта құруды жүзеге асыратын мердігер ұйымның өкілдері де зардап шеккен жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады «Шұбаркөл көмір» АҚ баспасөз қызметі.

Компания өкілдерінің айтуынша, ғимарат 1989 жылы салынған. «Центральный» кенішінің аумағында орналасқан бұл мәдени-спорт кешенін жөндеу жұмыстары сәуір айында басталды. Кешенді қайта құру арқылы бүкіл ғимаратты қалпына келтіру жоспарланған.

«Әзірге компания қызметкерлерінің бос уақытын ұйымдастыру үшін вахталық кентте 2019 жылы салынған ашық футбол алаңы мен воркаутпен айналысуға арналған алаң бар», - деп мәлімдеді компания өкілдері.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды