Алматыда жер және құрылыс саласы бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды

02.07.2023, 10:36
659
Алматыда жер және құрылыс саласы бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды smartnews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының жер қатынастары саласындағы жүйелі бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

Мемлекет қажеттілігі үшін әкімшілік тарапынан жер учаскесін сатып алғаны үшін жеке басына 45 млн теңге сомасында пара алған қалалық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды.

Тергеу сонымен қатар осы басқарманың лауазымды тұлғалары аффилирленген бағалаушының көмегімен жеке жер иелерінің мүддесі үшін мемлекеттік сатып алуға жататын 8 учаскенің құнын негізсіз көтергені анықталды.

Нәтижесінде мемлекет осы учаскелердің иелеріне шамамен 7,5 млрд теңге артық төлеген.

Бұл ретте бағалаушының бір объект үшін көрсетілетін қызметтерінің құны 2021 жылы орташа есеппен 68 теңгені және 2022 жылы 10 теңгені құраған.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзушылықтар Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметінде де анықталды.

Басқарманың лауазымды адамдары мемлекет мүддесіне қайшы, жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерде коммерциялық мақсатта 11 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын келіскені анықталды.

Нәтижесінде мемлекетке аталған жер учаскелерінің жалпы сомасы 760 млн теңгеден астам төленбеген кадастрлық құны түрінде залал келтірілді.

Барлығы 470-тен астам жер учаскесі тексерумен қамтылды.

Жер қатынастары саласындағы жүйелі жемқорлықты анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды