Шымкентте жас келіншекті өлтірді деген күдікті Жетісайдан ұсталды

02.07.2023, 15:45
1035
Шымкентте жас келіншекті өлтірді деген күдікті Жетісайдан ұсталды inform.kz

Шымкентте полицейлер жас келіншекті өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын қамауға алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби АПБ 102 арнасына жалға алынған пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар жас әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына дереу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, криминалистер, тергеушілер мен жедел уәкілдерден құралған жедел-тергеу тобы шықты.

Аудан прокурорлары да келді.

Кезекші сарапшы жәбірленушінің механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болуы мүмкін екенін анықтады.

Бұл жайт ҚР ҚК 99-бабы бойынша тіркелді.

Пәтер иесі танысының айтуымен полицейлер жәбірленушінің жеке басын анықтады.

Ол Шымкентке жұмыс іздеп келген 28 жастағы әйел болып шықты.

Жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеушілер мен жедел уәкілдер дереу күдіктіні іздеуге және оны ұстауға кірісті.

Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу кезінде кісі өлтіруге қатысы бар жас жігіт жедел уәкілдердің көзіне түсті.

Ол 29 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Осы азаматтың деректерімен бірден барлық бөлімшелерге бағдарлар жіберілді.

Нәтижесінде Шымкент қаласының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні Жетісай ауданында тұрғылықты мекенжайынан ұстады.

Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сараптама тағайындалды. Тергеушілер жасалған қылмыстың себебін анықтап жатыр.

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды