Түнде Каспий теңізінен жер сілкінісі сезілді
Каспий теңізінің жер сілкініс магнитудасы 5,7 баллды құраған деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Хабарды алғаш болып Әзірбайжандық БАҚ "Trend" сайты жеткізген. Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясының Республикалық сейсмологолиялық қызмет орталығы Баку уақытымен түнгі сағат 00:01 (Ақтау уақытымен 01:01) тіркеген. Орталықтың ақпаратына сәйкес сілкініс Әзірбайжан аумағында анық сезілген.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Хачмаз ауданынан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде орналасқан, жер сілкінісінің ошағы 35 шақырым тереңдікте болған.
Бакудегі сілкініс 5,7 балл болса, Ақтауда сілкініс (MSK-64 шкаласы бойынша) 2-3 балл шамасында сезілген.