Қазақстан мен Бахрейн арасында әуе қатынасы ашылды
Қазақстанның халықаралық рейстері жаңа бағыт бойынша толыға түсті. Бұл жөнінде smartnews.kz сайты хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 28 маусымынан бастап Алматы - Манама бағыты бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейстер іске қосылған. Рейстер ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде іске асып отыр.
Рейстер «SCAT» әуе компаниясымен аптасына 1 рет (сәрсенбі күндері) Boeing-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалады.