Жүздеген қазақ қажылықта бірнеше күн тамақсыз, сусыз қалған

04.07.2023, 11:57
525
Жүздеген қазақ қажылықта бірнеше күн тамақсыз, сусыз қалған smartnews.kz

Өміріндегі маңызды істі атқару үшін қажылыққа сапарға аттанғандардың кейде түрлі жайсыздыққа тап болып жататыны бар.

Бұған сол сапарды рәсімдеуші туристік фирмалардың кінәсі бар. Жүздеген қазақстандықтың қажылықты өтей алмай, сол жақтағы полицияның әурелеуімен күн кешкені жайлы хабар бірер күн бұрын тарады. Олар Сауд Арабиясында құжат мәселесіне байланысты ұсталып, полиция бөлімшесінде бірнеше күн тамақсыз, сусыз қалған. Осылайша, қыруар қаржы төлеп қажылыққа барған қазақстандықтар парызын өтеудің орнына кісі елінде полиция учаскесінен бір-ақ шыққан. Алыстағы бөтен елде қиындыққа тап болғандардың жағдайына президент те назар аударды. Қажылыққа барып қаңғып қалған қазақстандықтардың мәселесіне байланысты Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісіне қатысқан Мемлекет басшысы жүздеген адамды алдаған компанияны жауап тарту туралы тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті: 

«Бір туристік компания заңға бағынатын бір топ азаматты алдап, оларды қажылыққа жіберген. Енді, кінәсіз адамдар Сауд Арабиясының полиция учаскесінде қамауда отыруға мәжбүр. Осындай алаяқ компанияның заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына, олардың моральдық жағдайына және жалпы еліміздің беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Ал ішкі істер министрлігі алаяқ компанияның басшылығын, қызметкерлерін заңға сәйкес жауапқа тартуға тиіс».

Зардап шеккендер қажылыққа «Зәм-Зәм Қазақстан» деген туристік компаниясы арқылы Меккеге аттанған екен. Адамдар 3 миллион теңге жуық қаржы төлеген. Алайда туристік фирма 300-ден аса адамның құжатын дұрыс рәсімдемеген. Қазақстаннан барғандар проблемаға тап болып, екі күндей автобуста қамауда отырған. Өздерінің айтуларына қарағанда, әбден қиналған. Тамақ ішу, дәретханаға барудың өзі мұңға айналған. Арсында егде жастағылар көп болған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зәм-Зәм Қазақстан» компаниясының  қажылыққа адам апаратын квотасы, тіпті арнайы лицензиясы жоқ екенін мәлімдеген. Ал компания басшылығы мүфтияттан виза алғанын айтады. Мұндағы кілтипан квотада болса керек. Адамдар қажылыққа есептелген арнайы квотаға енгізілмеген сияқты. Ал қажылыққа сәйкес келмейтін виза ондай қызметті пайдалануға жарамсыз болған.

Проблемаға байланысты Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ұсталған жерлестеріміздің қолында қажылыққа рұқсат беретін виза болмаған. Барлығы бір компанияға алданып, туристік визамен барған. Онымен қажылық жасауға болмайды. Ол жақтағы консулдығымыздан полиция учаскесіне өкілдер барып, қазақстандықтарды қонақ үйге босатуға ықпал еткен. Барғандардың біразы мұндай жағдайдан кейін қажылықты тоқтатқан. Тіпті, өз ақшасына қайтып кеткендер бар. Алайда полициядан шыққаннан кейін автобусты тоқтатып, белгісіз бағытта кетіп қалғандар да бар. Қазір олардың қайда жүргендері белгісіз. Ал «Зәм-Зәм Қазақстан» компаниясының өкілдері Сауд Арабиясында жүр. Олар өздері бүлдірген жағдайды түзеуге тырысып бағуда. Алайда болар іс болды, енді ең болмағанда қажылықты өтей алмағандарды немесе жолын тауып өтегендерді жинап, елге алып қайтуға әрекет етпек. Туристік компания 306 адамды сапарға аттандырған екен. Алданып қалған адамдар компанияны сотқа бере алады.

Шыны керек, мұндай жағдай Қазақстанның абыройына нұқсан келтіреді. Алаяқ туристік фирмалары бар екен деген сөз әлемге тарады. Ал мұндай жағдайға тап болғанына кім де болса қатты өкінеді. Қаншама әуре-сарсаңға түсті, ақшасы күйді, уақыт жоғалтты. Енді олар туристік компанияны сотқа берсе керек. Оған қоса президент тапсырмасына сәйкес тексеруге де алынады. Сөйтіп ондай туристік компания жабылатын немесе жауапқа тартылатын болар.

Ел ішінде туристік компания көп. Оның бәрі бірдей өз жұмысын мінсіз атқарып жатыр деуге келмес. Ішінде клиентке қолайлы жағдай жасаудан және құжаттарын қанттай етіп пысықтаудан гөрі пайданы көздейтіндері де болатын шығар.  Ал мына оқиға барша туристік компанияларға да, қажылыққа барамын деп ниет етушілерге де сабақ болып отыр.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады