Құрылыста жемқорлыққа тап болғандар Антикордың WhatsApp нөміріне жаза алады

05.07.2023, 09:26
700
Құрылыста жемқорлыққа тап болғандар Антикордың WhatsApp нөміріне жаза алады smartnews.kz

Шығыс Қазақстан облысында құрылыс саласында жемқорлыққа тап болғандар Антикордың арнайы WhatsApp нөміріне жаза алады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде 3 шілдеден бастап Антикор Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп жатыр.

Талдау барысында басқарманың мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру функцияларын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жұмыстарын жүзеге асыру рәсімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жіті тексеріледі.

«Осыған байланысты көрсетілген мәселеге қатысты қандай да бір ақпарат, шағымдары мен ұсыныстары бар азаматтар analiz-vko@mail.ru электрондық мекенжайына немесе 8 775 77 88 099 WhatsApp нөміріне жолдай алады. Құрметті облыс тұрғындары, осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін әркімнің пікірі маңызды. Сондықтан шетте қалмауды және азаматтық ұстаным танытуларыңызды сұраймыз», – делінген ақпаратта.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады