ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады. Toyota Camry көлігі бағдаршамға тоқтап, 24 жастағы күдікті қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген.
Тәртіп сақшылары хабарды ести сала, көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады. Осылайша, тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.
ІІМ берген ақпаратына сәйкес, қазір ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр. Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған.