Назарбаевтың кеңсесі бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық ақша сұраған

05.07.2023, 13:38
702
Назарбаевтың кеңсесі бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық ақша сұраған smartnews.kz

Ашық бюджеттер сайтында Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін қаржы бөлуді сұраған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ашық бюджеттер сайтында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер деп аталатын бюджеттік бағдарлама ұсынылған. Сұралған қаражат "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жеке кітапханасының, жеке архивінің және музейінің жұмыс істеуіне бағытталған" деп көрсетілген.

Экс-президенттің кеңсесі 100% жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2024-2026 жылдарға арналған жоспарлы кезең ұсынылған. Кеңсенің үш жылдық жұмысы үшін мынадай қаражат көлемі сұратылған:
2024 жылы — 1 195 450 000 теңге, 
2025 жылы — 1 328 275 000 теңге, 
2026 жылы — 1 338 684 000 теңге керек делінген. 

Ал 2023 жылдың қаңтарында Назарбаев кеңсесінің жұмыс істеуіне үш жылға 5,6 млрд теңге бөлінгені айтылған болатын.

Еске сала кетсек, маусым айында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі 45 күн ішінде таратылады" деп мәлімдеді. Министр кеңсеге бөлінетін мемлекеттің 3 млрд теңге қаржысы (6,6 млн доллар) өзге қажеттіліктерге жұмсалады деп айтқан болатын.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды