Астанада үлескерлерді заңсыз тартқан компанияға 1,5 млн теңге айыппұл салынды

05.07.2023, 18:58
497
Астанада үлескерлерді заңсыз тартқан компанияға 1,5 млн теңге айыппұл салынды smartnews.kz

Елорда сотында үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан ЖШС-ға қатысты іс қаралды және құрылыс салушыға айыппұл салынды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ЖШС-ға қатысты үлескерлердің ақшасын тарту тәртібіне және ҚР тұрғын үй заңнамасында белгіленген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы талаптарды бұзғаны үшін істі қарады (ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі).

Іс материалдарына сәйкес, ЖШС-ның Кепілдік беру қорының кепілдігін алмағаны, екінші деңгейлі банктің жобасына қатыспайтыны, үлескерлердің ақшасын тартуды бастау үшін объектідегі тұрғын үй қаңқасы тұрғызылмағаны (құрылыс жерасты паркингінде тоқтаған), елорданың жергілікті атқарушы органының үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты алынбағаны анықталған.

«ҚР тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңының 18-бабында уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының рұқсаты негізінде жүзеге асырады деп жазылған.

Сондай-ақ «ҚР тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңының 7-бабы үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерінің толық тізбесін қамтиды, мысалы:

1) Бірыңғай оператордың кепілдігін алу;

2) Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;

3) тұрғын үйдің (ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

Сот қаулысымен ЖШС-ға мемлекеттік бюджет кірісіне 1 млн 35 мың теңге айыппұл түрінде жаза қолданылып, әкімшілік жауапқа тартылды.

 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады