Оралда 3 жасар бала балабақшадан қашып кеткен: Тәрбиеші жұмысынан босатылды

05.07.2023, 20:57
717
Оралда 3 жасар бала балабақшадан қашып кеткен: Тәрбиеші жұмысынан босатылды видеодан алынған кадр

Оралда 3 жасар баланың балабақшадан қашып кетуіне байланысты тәрбиеші жұмысынан босатылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға 3 шілде күні «Маленький принц» жеке балабақшасында болды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода баланың жол бойымен жүгіріп бара жатқаны анық көрінеді. Баланың анасы желіде жазғанындай, балдырғандар таңмен балабақша ауласында серуендеп жүрген. Тәрбиеші, медицина қызметкерлері балалармен бірге болған. Алайда олардың бірі көшеге шығып кеткенін байқамаған.

Абырой болғанда, жол бойымен жүгіріп бара жатқан баланы жүргізуші қыз ұстап алып, балабақшаға алып келген.

«Балабақша есігі ашық қалған ғой. Күзетші, балабақша меңгерушісі қайда қарап отыр?», - деп жазды баланың анасы.

Орал қаласы білім беру бөлімі оқиғаны растады.

«Маленький принц» жеке балабақшасында баланың қашып кету оқиғасы бойынша анықтау жұмыстары жүргізілді. Баланың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қадағаламаған тәрбиеші 4 шілде күні жұмысынан шығып кетті. Бүгін білім беру бөлімінде балабақша директорларымен Полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында арнайы жиналыс өткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды