Қазпоштаның Павлодардағы филиалы директорының орынбасары пара алғаны үшін сотталды

06.07.2023, 18:41
520
Қазпоштаның Павлодардағы филиалы директорының орынбасары пара алғаны үшін сотталды smartnews.ru

Павлодар қаласының қылмыстық істер бойынша №2 соты «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасарына қатысты үкім шығарды. Ол ірі көлемде пара алғаны (ҚК 366-бабы, 2-бөлімі) үшін айыпты деп танылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қаңтарда «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының өндіріс бойынша орынбасары Ж. заңсыз баю мақсатында мердігер компания өкіліне «Қазпошта» АҚ ФПБ автокөлік басқармасының аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу жұмысын кедергісіз қабылдау үшін ақшалай сыйақы беруді ұсынған. Содан кейін Ж. 2 000 000 теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды.

Прокурор Ж.-ны 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы жеңілдететін жағдайларды ескеруді өтінді. Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ, ақтауды сұрады.

Заңда қылмысты айыппұл немесе бас бостандығынан айыру сынды жазаның балама түрлерімен өтеу де қарастырылған.

Кінәсін жеңілдететін жағдайларды ескеріп, ауырлататын жағдайлардың болмауына, кішкентай балалары бар екенін, 3 топтағы мүгедектігін, қылмыстық құқықбұзушылықпен бірінші рет айыпталғанын ескере отырып сот Ж.-ны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар Ж. өмір бойы мемлекеттік қызмет, сот, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері және т.б. қызмет істеу құқынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тоғыз жасар баланы жұмбақ бомба жарып жіберді 87 жастағы маңғыстаулық әже Димашқа арнап тоқылған шашақты сыйға берді (ВИДЕО) Шымкенттік келіншек салмағы 7 келіге жақын алып сәбиді өмірге әкелді Қожа рөлін сомдаған актер ауыр дертке шалдығып, жарты жыл ғана өмірі қалған Моңғолиядағы 100 қандас пен Қазақстан ауылдарындағы 10 мың оқушы не үшін сайысып жатыр? «Дәретханасынан шошисың»: Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігіне үндеу жасады «Барлық дәлелдерді анама жібердім»: Say Mo бұрынғы күйеуінен көрген қорлығын айтып берді 97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойғаны үшін көмекке құтқарушылар келді Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып көз жұмды Актер Шәріп Серік әйелін ұрғаны үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған Алматыда жүргізуші ескерту жасағаны үшін тұрғын үй күзетшісін аяусыз ұрып тастады (ВИДЕО) Арқалықта зорлықшы деген күдікпен блогер ұсталды Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады «Жаңбыр, тұман»: 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Біз жарақатты бірден таңдық»: ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды Су бар, бірақ жүйе қайда? Астанада Аutism Talks жыл сайынғы кездесу өтті «Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті