Украина соғысы басталғалы 9 мыңнан астам бейбіт тұрғын қайтыс болған
БҰҰ берген есеп бойынша Украинада 2022 жылдың 22 ақпаннан бері қайтыс болған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
BBC басылымының БҰҰ есебін жариялап, соғыс басталған уақыттан биылғы жылдың 30 маусымына дейін Украинада 9 177 бейбіт тұрғын қаза тауып, 15 993 бейбіт адам жараланғанын анықтаған.Ал қаза тапқандардың 535-і, жараланғандардың 1095-і – балалар.
БҰҰ бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бұдан да көп болуы мүмкін деп болжап отыр. Ұйым Ресей оккупациялаған аумақтардан ақпарат алуы қиын екенін жеткізді. Себебі бұл статистикаға Мариуполь, Лисичанск, Северодонецкте қаза тапқандар мен жараланғандар енбеген.
Соғыс кезінде қаза болған және зардап шеккен тұрғындардың көбі – Донецк, Харьков, Киев, Херсон және Луганск облыстарында.
Бейбіт тұрғындардың 90 пайызы ракета шабуылдары мен бомбалаудан қаза болған я жараланған. Одан кейінгі орында оққа ұшу мен мина жарылу.
Материал авторы