861

Рыбакина Уимблдонның екі дүркін чемпионы бола ала ма

Әйгілі теннисші Елена Рыбакинаның дәл қазір өтіп жатқан Уимблдон жарысында 3 қарсыласын еш қиындықсыз жеңді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Рыбакина Уимблдонның екі дүркін чемпионы бола ала ма
profile.ru

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 3-ракеткасы) Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон» жарысының төртінші кезеңіне шықты. 

Ол алғашқы айналымда америкалық Шелби Роджерсті (49-ракетка) жеңді – 4:6, 6:1, 6:2. 

Екінші айналымда франциялық Ализе Корнені (74-ракетка) жеңді - 6:2, 7:6 (7:2).

Үшінші айналымда британиялық әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бутлерді 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Матч небәрі 57 минутқа созылды.

Қазақстан теннисшісі енді 1/8 айналымда бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен (13-ракетка) ойнайды. Биылғы Уимблдонда Хаддад-Майя өмірінде алғаш рет жартылай финалда ойнап, дебют жасаған теннисші. Спорттық сарапшылар Рыбакина бұл қарсыласын ойсырата жеңуі мүмкін деп болжап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Уимблдон жарысында Елена Рыбакина жеңімпаз болған еді.

Материал авторы